27 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №8

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы 18 ақпан, 1 Астана, Үкімет Үйі «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен  байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1014 қаулысының күші жойылды деп тану  туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1014 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 751-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.